- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Батысқазақстандықтар Астанаға 7...
Батысқазақстандықтар Астанаға 7 тонна балық және 17 тонна ет жеткізді
Фото:
skr.su
Бүгін Астана қаласында батысқазақстандықтар азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Жәрмеңкеге облыстың он екі ауданы мен Орал қаласынан шаруалар мен тауар өндірушілер қатысуда. Олар Батыс Қазақстаннан елордаға 50 млн. теңгеге 7 тонна балық пен 17 тонна ет өнімдерін жеткізді. Сондай-ақ картоп, көкөніс өнімдері де бар.
Дәстүрлі жәрмеңкені өткізудегі мақсат - елордалықтарды қолжетімді бағаға таза азық-түлік өнімдерімен қамту.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, фермерлер Астанаға келіп, делдалдарсыз, тікелей өз өнімдерін өткізумен бірге жаңа байланыс орнатуға мүмкіндік алып отыр. Бұл - олардың өз нарығы мен қызмет аясын кеңейтудің бір жолы.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жексенбі күні де жалғаспақ.
Дереккөз: today.kz
Ф. Абилова