- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Батыс Қазақстандағы атыс:...
Батыс Қазақстандағы атыс: оқиғаның анық-қанығы айтылды
Полиция Аралтөбе ауылының тұрғындарын атыс қаруымен жарақаттаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 қыркүйекте ішімдік ішкен мас күйдегі шаруа қожалығының басшысы мен ауыл тұрғындарының бірінің арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқан. Сол сәтте қожалық басшысы Lexus автокөлігінен әйелінің атына тіркелген аңшы мылтығын алып, бірнеше рет қарсыласына қарай оқ атқан. Ауыл тұрғынының сол жақ жанбасы және аяғы жараланған. Сондай-ақ, 59 жастағы әйел мен оның кішкентай немересі атыс қаруынан жарақаттанған. Аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін күдікті оқиға орнынан өз автокөлігімен бой тасалаған.
Сол күні адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігінің, 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталды.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін БҚО-да ер адам ішімдік ішкен досына оқ атқаны хабарланған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова