Батыс Қазақстанда оқушыны ұрған мұғалім жазадан құтылды. Іс сотқа дейін барған, алайда тараптар татуласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Бөкей ордасы ауданындағы мектептердің бірінде болды. Іс материалдарына қарағанда, мұғалімге 7 сынып оқушысының сыныптағы тәрбіні ұнамай қалған, бұдан кейін ол оны киім қоятын жерге апарып, ұрып-соққан.
Мұғалімге қатысты ҚР ҚК 140-бабы бойынша ("Кәмелет жасына толмаған баланы тәрбиелеудегі міндеттерін орындамау және оған қатыгез қарау") соталды тергеу басталған. БҚО мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі соттың қаулысы бойынша, мұғалімге қатысты қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды.