- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Батыс Қазақстанда мұзды...
Батыс Қазақстанда мұзды жару жұмыстары басталды
Батыс Қазақстанда су қоймаларындағы мұзды жару жұмыстары басталды. Мұзды Қостанай облысының мамандары жарып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Алғашқы жарылыс бүгін, 2 наурызда "Вымпел" саяжай қоғамдастығындағы Чугунный көпірі ауданындағы Шаған өзенінде болған. Қостанайлық мамандар барлығы сегіз жарылыс болатынын айтты, бүгінгі ең үлкені. Жарылғыш заттар 32 шұңқырға орналастырылған.
@mgorod.kz2022 #Уральск #лёд #ДЧСЗКО ♬ оригинальный звук - mgorod.kz
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мұз кептелістерінің алдын алу үшін 1 наурыздан бастап өңірдегі су қоймаларындағы мұзды жаруға кірісетінін хабарлаған болатын. Жару жұмыстары Оралда, Сырым, Бөрлі, Шыңғырлау, Тасқала, Қазталов аудандары мен Бәйтерек өңірінде Дерқұл, Өлеңті, Шыңғырлау, Қайыңды, Шаған, Быковка, Рубежка, Чижа-1, Чижа-2, Үлкен Өзен өзендерінде жүргізіледі.
Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 35 миллион теңге бөлінген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан