Батыс Қазақстанда кене көбейіп тұр

Батыс Қазақстанда кене көбейіп тұр

Батыс Қазақстан облысында  күн күрт жылып, көктемнің ерте келуіне байланысты облыстың барлық аудандарында кене көбейген – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

  Мал иесі ірі қара малды көктемгі жайылымға жаю алдында ірі қара және ұсақ мал ауруларының алдын алу мақсатында мал дәрігерлерімен кеңесіп алғаны жөн. Айта кетерлігі, мал иелері  ауылшаруашылық малдарын кенеге қарсы емдеу үшін облыстық ветеринариялық станциялар мен ветеринарлық пункттерден көмек сұрай алады. Қазіргі таңда аудандық ветеринарлық пункттерде малды өңдейтін құрал-жабдықтар бар.

"Кене санының көбеюіне байланысты соңғы үш жылда Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің тапсырмасымен ауыл шаруашылығы жануарларын кенеге қарсы емдеуге жыл сайын қаражат бөлініп келеді. Бірақ облыста тіркелген 836,6 мың бас ірі қараны өңдеуге бөлінген қаржы жеткіліксіз болғандықтан, бұл шара  тек жеке шаруашылықтарда ғана жүргізілуде. Сондықтан шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік субъектілері ауылшаруашылық малын өз қаражаты  есебінен өңдеуі керек", - дейді  облыстық ветернария басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетов.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларына қарсы 26,4 млн.теңге бөлініп, 100930 бас ірі қараны гиподерматозға қарсы емдеу жоспарланған. Бүгінге дейін 21 мың бас ірі қара өңделіп, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.   

   Сондай-ақ  Қазақстанда 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында киікті қорғау акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты – киіктерді қорғауды күшейту және ел аумағында  жануарларды заңсыз  аулаудың алдын алу. Шара барысында рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, мобильді топ құрылады. Сондай-ақ, киік мекен ететін аймақтарда төрт  бағытта күзет бекеттері қойылады. Ескеретін жайт, киікті заңсыз алу, немесе олардың дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, тасымалдау бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337 және 339 баптары негізінде  қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ағымдағы жылдың басынан бастап өңірде  осыған байланысты 14 қылмыстық құқық бұзушылық қозғалды. Оның ішінде 3539 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді.

    Айта кетейік, қазіргі таңда Республика көлемінде киік жануарларының саны 1 318 000 басты құрайды.  Оның ішінде 801 000 бас Орал популяциясынан болып отыр.

Айгерім ҒАЛЫМ

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы