Батыс Қазақстан облысында қауіпті химиялық зат тиелген жүк көлігі арыққа түсіп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бәйтерек ауданында Беларусь Республикасының 21 тонна химиялық зат тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жолдан шығып, бір жағына қисайып құлап кеткен. Нәтижесінде сұйықтығы бар ыдыстар аударылған, бірақ сұйықтық сыртқа төгілмеген", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдай қызметкерлері ағып кету қаупі мен халық пен қоршаған ортаға төнетін қауіпті тексерді. Радиациялық-химиялық қызмет оның ауадағы шоғырлануын өлшеді. Қатер табылмады.
Жүк көлігінің жүргізушісіне жүкті қауіпсіз тиеуді және одан әрі тасымалдауды ұйымдастыруға да көмек көрсетілді.
Операция оқыс оқиғасыз сәтті аяқталды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 18 көліктің соқтығысуымен болған жол көлік апаты жайлы жазған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!