Батыс Қазақстан облысы полицейлері есірткі таратушыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма қызметкерлері Оралдың 20 жастағы тұрғынын қолға түсірді.
Ол интернет-дүкенге жұмысқа орналасып, мотоциклмен синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан. Жедел-тергеу әрекеттері нәтижесінде 18 zip-пакетте есірткі тәркіленді.
Сонымен қатар Орал патрульдік полиция батальон қызметкерлері қаладағы саябақтардың бірінде тағы бір 20 жастағы тұрғынды ұстады. Тінту барысында оның қалтасынан ақ түсті ұнтаққа ұқсас "тұз" есірткісінің бір орамы табылып, тәркіленді.
Бұған қоса, орман алқабында 40 жастағы ер адам ұсталып, одан қарасораға ұқсас өсімдік салынған пакет тәркіленді.
Барлық оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!