- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Батыс Қазақстан облысының...
Батыс Қазақстан облысының өзінде республикалық маңызы бар жеті жол жабылды
Фото:
Midjourney нейрожелісі арқылы жасалған фото
17 қаңтар сағат 18:00-дегі ахуалға сәйкес, қолайсыз ауа райының салдарынан бір облыста республикалық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 765 бірлік техника және 1452 адам жұмылдырылды.
Батыс Қазақстан облысында - жеті учаске:
- "Орал-Тасқала-РФ шек." 4-104-шақырым, Орал қ. - РФ шек. - 100-шақырым;
- "Самара-Шымкент" 195-251-шақырым, РФ шек.-Орал қ. – 56-шақырым;
- "Самара-Шымкент" 261-393-шақырым, Подстепное к. - Жымпиты к. – 132-шақырым;
- "Атырау-Орал" 189-492-шақырым, Атырау обл. шек-Орал қ. – 303-шақырым;
- "Орал-Теплое" 5-33-шақырым, Орал қ.- РФ шек. - 28-шақырым;
- "Подстепное-Федоровка-РФ шек." 0-36-шақырым, Подстепное к.-Федоровка а. - 36-шақырым;
- "Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелі" 0-14-шақырым, Подстепное к.-Құс фабрикасы – 14-шақырым.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан