24 маусымда сағат 16:45-те Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Анката кентінің ауданындағы Самара-Шымкент автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Городқа" сілтеме жасап.
"Toyota Prado Volvo жүк көлігінің тіркемесіне соғылды. Апат салдарынан жол талғамайтын көлік өртеніп кетті. Сөндіруден кейін көліктің салонында үш күйген мәйіт табылды", - деп хабарлады БҚО полиция департаменті.
Жол апаты дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Жол-көлік оқиғасының жағдайлары анықталады.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Ай» сөзі бар ұл есімдері
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!