Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы (Сырым ө/п) тасжолындағы көпірде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысында халықаралық маңызы бар Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы (Сырым ө/п) тасжолының 247-шақырымындағы Шаған өзені арқылы өтетін көпірде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
"Осыған байланысты 26 шілде сағат 05:00-ден 11:00-ге дейін осы учаскеде барлық көлік үшін қозғалыс уақытша шектеледі. Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова