Батыс Қазақстан облысындағы Трекино ауылы Байқоныс болып өзгертілуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аудан әкімінің жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Жоба 31 шілдеге дейін талқылауда болады.
"Облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 13 шілдедегі қорытындысы негізінде, халықтың пікірін ескере отырып, БҚО әкімдігі және облыстық мәслихат Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округін Байқоныс ауылдық округі, Трекино ауылы - Байқоныс ауылы деп қайта атау туралы шешім қабылдау туралы қаулы шығарды", - делінген құжатта.
Қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді. Жоба 31 шілдеге дейін талқыланады.
Бір тәулікте жобаны 300-ден аса адам қарап үлгерген.
Еске салайық, былтыр Теректі ауданындағы Новопавловка ауылының тұрғындары елді мекен атауын өзгертуге қарсы шыққан болатын. Ауыл тұрғындарының сөзінше, елді мекен атауын өзгерту туралы мәселе былтыр көктемнен бері қозғала бастаған. Тұрғындар ауылда қоғамдық кеңес құрылып, елді мекен атауын өзгертуді 200 адам қолдағанын естігенде таңғалған. Жалпы, Новопавловка ауылында 600-ге жуық адам тұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!