- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Батыс Қазақстан облысындағы...
Батыс Қазақстан облысындағы ауруханада төрт жасар қыз отадан кейін қайтыс болды
Батыс Қазақстан облысында төрт жасар науқас отадан кейін төрт күн өткен соң қайтыс болды. Мамандар баланың өлімінің себебін анықтап жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кішкентай науқас облыстық көпсалалы аурухананың ЛОР бөліміне 25 қыркүйекте түскен. Анасының айтуынша, қызының мұрнымен тыныс алуы қиындаған, жиі суық тиген, түнде қорылдаған, тамағы жиі ауырған, ұйқысы бұзылған. 26 қыркүйекте қызға ота жасалған.
Төрт күннен кейін бала көп қан жоғалтқан және ұйыған қан құса бастаған.
"30 қыркүйекте сағат 00:35-те ота бөліміне ауыз қуысынан қан кету белгілері бар қыз бала түсті. Ауыз қуысы мен жоғарғы тыныс жолдары қалпына келтірілді. Сағат 00:40-та оның жүрегі тоқтап қалды. Оған реанимациялық іс-шаралар жасалды, бірақ нәтиже болмады", – деп хабарлады ведомство.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың өліміне не себеп болғаны екі аптадан кейін, патологиялық (гистологиялық) зерттеудің қорытындысы шыққан кезде анықталатынын хабарлады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан