Батыс Қазақстан облысында ұлы әкесін ұрып өлтірді, - деп хабарлайды uralskweek.kz.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға Сырым ауданы Қоңыр ауылында болған.
"М.Есламғалиев көшесіндегі өз үйінде 36 жастағы тұрғын 75-тегі әкесімен бірге арақ ішкен. Содан кейін ұлы әкесін соққыға жыққан. Салдарынан қария оқиға орнында қайтыс болды. Мүрде Орал қаласындағы сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Бүгінде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!