Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тиісті шешімге өңір әкімі Нариман Төреғалиев қол қойды.
Шешімге сәйкес, БҚО әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалды.
Айта кетейік, өңірде су тасқынына байланысты күрделі жағдай қалыптасқан. Облыстың Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында тұрғын үйлер су астында қалды.
"Қабылданған шаралардың нәтижесінде 4 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның жартысы балалар. Облыс көлемінде су тасқынынан зардап шеккендер үшін жедел-эвакуациялық пункттер ұйымдастырылып, қажетті жағдайлар жасалып жатыр", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!