- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Батыс Қазақстан облысында...
Батыс Қазақстан облысында терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды
Фото:
ҰҚК
Батыс Қазақстан облысында терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 22 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады.
Ол терроризмді насихаттады деген күдікке ілінді. Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Фото: ҰҚК
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам бұрын ауыр жалпы қылмыстар жасағаны үшін сотталған.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина