Батыс Қазақстан облысында студенттер мен оқушылардан ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бөрлі ауданында 23 қарашада кәмелетке толмаған баланы қорқытып, күш қолдану арқылы ақша бопсалаған 2007 және 2008 жылы туған екі колледж студенті ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ Оралдағы колледждердің бірінің студенттері де 500 000 теңге ақша бопсалағаны үшін ұсталды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабына сәйкес, 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды және бір топ тұлғаларға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін санкциялар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз