Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар бір жол жабылды

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар бір жол жабылды
Фото: depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар бір жол жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстан облысының "Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-РФ шек." республикалық маңызы бар автожолының 145-201-шақырымы, Жалпақтал а. -Қазталов а. арасында көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 239 бірлік техника және 360 жолшы жұмылдырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан