- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Батыс Қазақстан облысында...
Батыс Қазақстан облысында полицейлерге пара ұсынған Беларусь азаматы ұсталды
Фото:
polisia.kz
Батыс Қазақстан облысында Беларусь Республикасының азаматы полиция қызметкерлеріне "пару беру" кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол ҚР жолда жүру ережесін бұзып, полиция қызметкеріне әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 2 мың рубль көлемінде "пара" ұсынған. Оқиға орнына Теректі аудандық полиция басқармасы жедел-тергеу тобы шақыртылды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы 1-бөлігіне ("Пара беру") сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты "Келуге міндетті" түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан