Батыс Қазақстан облысының тас жолында жол апатынан екі бала зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты 30 қаңтарда сағат 07:46 шамасында Қаратөбе ауданындағы Самара - Шымкент тас жолында болды.
36 жастағы жүргізуші мінген Opel Astra көлігі 48 жастағы Қырғыз Республикасының азаматының айдаған Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.
Opel Astra көлігіндегі 17, 15 және 46 жастағы жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі бойынша "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!