Батыс Қазақстан облысында 16 жастағы жасөспірім өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 18 қазанда болған. Денсаулық сақтау басқармасы әйелдің қайтыс болғанын, дәрігерлер оның өлімін тіркеп алғанын айтты.
Батыс Қазақстан полиция департаментінің мәліметінше, кісі өлтірді деген күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесі үшін полиция басқа ақпаратты жарияламады.
Ауыл әкімдігі бұл отбасының берекелі екенін, ешқандай есепте тұрмағанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт құмар ойынға әуес болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!