- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Батыс Қазақстан облысында...
Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты
Фото:
видеодан алынған кадр
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
17 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Бекей кентінің жанында Самара - Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 290-шақырымында ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысты.
Жол апаты салдарынан алты адам қаза тапты. Олар: 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, бес, бір жастағы кәмелетке толмаған балалар. Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті.
Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан