Батыс Қазақстан облысында екі басты бұзау туды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, бұл жағдай Сырым ауданындағы Қосарал ауылында болған. Мал иесі бірнеше күн бұрын туған бұзаудың басқа төлдерден ерекше екенін байқапты.
Яғни бұзауда екі бас біріге орналасқан. Төлдің екі маңдайы, екі тұмсығы бар. Екі басты бұзау ауылдықтарды да бір дүрліктіріпті. Бірақ елді шулатқан бұзау бір күн бұрын өліп қалды. Мамандардың сөзінше, мұндай ауытқумен туған төлдің ғұмыры ұзаққа созылмайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!