Батыс Қазақстан облысында 54 жастағы ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Жәнібек кентінде жасанды су айдынында су таситын көлікке су алу кезінде абайсызда суға құлап, 1970 жылы туған жүргізуші суға бата бастады.
Ер адамға дереу көмекке жақын жерде судағы қауіпсіздік бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіп жүрген, №21 өрт сөндіру бекетінің өртсөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты А.С. Алимов келді.
Ер адамға медициналық көмек қажет емес.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!