Батыс Қазақстан облысында 2 жасар бала суы бар құдыққа түсіп мерт болды

Батыс Қазақстан облысында 2 жасар бала суы бар құдыққа түсіп мерт болды

Батыс Қазақстан облысында 2 жасар бала суы бар құдыққа түсіп мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға кеше, 14 маусымда Жәнібек ауылында сағат 22.00 шамасында болған. 2021 жылғы  кәмелетке толмаған С. есімді бала, Ғ. Қараш көшесі бойындағы 61 ғимараттың аумағында орналасқан, тереңдігі 2 метр, ашық, су толтырылған құдыққа құлады. Бала Жәнібек ауданының ауруханасына жеткізіліп, кейін есін жимастан көз жұмды.

Полиция департаментінің мәліметінше, осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан