Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің ректоры ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Бұған дейін екі бірдей өңірдің денсаулық сақтау басқармасын басқарған Әсет Қалиев 12 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілігіп отыр, бірақ құзырлы органдар әзірге ешқандай мәлімдеме жасамады.
Ақпарат құралдары күні кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері ректордың Ақтөбедегі үйіне тінту жасағанын жазып жатыр. Университеттегі әріптестері болса бұл жайдан бейхабар. Бүгін жұмысқа да шықпапты.
"Антикордың Әсет Қалиевті тергеуге алғаны алғашқы рет емес. Осыдан тура үш жыл бұрын Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқарып тұрған тұста да іс қозғады. Ол кезде Қалиевке "Ақтөбе облысында медициналық қондырғы алуға бөлінген қаржыны талан-таражға салды" деген айып тағылған болатын. Әйтсе де, бұл іс жабылған. Ал Әсет Қалиев медициналық университеттің ректоры болып ауысып кеткен еді", - деп хабарлады КТК телеарнасы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!