Қытай халық республикасына жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қытайлық бизнес өкілдерімен бірнеше кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы бес екіжақты меморандумға қол қойды. Құжаттарға қол қою рәсімі Қытайдың жетекші компаниялары басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Қытай халық республикасындағы Елшілігінде өтті.
Бұл шаралар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту және өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жүргізілуде.
ҚХР астанасында медицина, өнеркәсіп, энергетика, құрылыс және газ-химия салаларын қамтитын бес меморандумға қол қойылды:
Нариман Төреғалиев ҚХР өңірдің негізгі сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі болып қала беретінін атап өтті. Қол қойылған құжаттар инвестициялардың өсуіне, жұмыс орындарының ашылуына және Батыс Қазақстанның өндірістік әлеуетін дамытуға ықпал ететін жаңа жобаларға бастама береді.
"Президенттің қолдауы, Үкіметтің жүйелі жұмысы және өңірдің ашықтығы бізге жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын құра отырып, инвестициялық жобаларды сенімді түрде ілгерілетуге мүмкіндік береді. Қол қойылған меморандумдар – бұл өзара іс – қимылдың нақты нәтижесі", - деп атап өтті Н. Төреғалиев.
Әр бағыт бойынша салалық ведомстволар мен инвесторлардың қатысуымен жеке іс-қимыл жоспары әзірленетін болады.
Бұл кездесу Қазақстан Республикасының Қытай халық республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
БҚО әкімдігі ұсынған материал