Батыс Қазақстан аспанында белгісіз нысандар видеоға түсіп қалған

Батыс Қазақстан аспанында белгісіз нысандар видеоға түсіп қалған
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысындағы шекара заставасының үстінен белгісіз нысандар көрінгені туралы ақпарат тарады. Қорғаныс министрлігі осы жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Уральская неделя" басылымы әлеуметтік желідегі парақшасында 24 мамырға қараған түні түсірілген видео жариялады.

"Самара облысы жақтан ұшып келе жатыр. Саны 10 шақты. Олар өткізу бекеті мен заставаның үстінен ұшып өтті. Мұндайды бірінші рет көріп тұрған жоқпыз", - дейді видеодағы адам.

Қорғаныс министрлігі өкілдері осы жайтқа пікір білдірді.

"Қазақстанның әуе кеңістігін бұзу дерегі тіркелген жоқ. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында. Азаматтардан сабыр сақтауды, жалған ақпарат таратпауды және тек ресми дереккөзге сенуді сұраймыз", - деді министрліктің баспасөз қызметі өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget