- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Батырға не істесе...
"Батырға не істесе де жарасады". Демеу Жадраев пен бапкерінің биі әлеуметтік желіні шулатты
Әлеуметтік желіде Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесіндегі Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраев пен оның жеке бапкері Боранбек Қоңыратовпен билеген биі тарады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандықтар спортшының бұл әрекетін әр түрлі бағалап жатыр. Пікір қалдырушылардың бір бөлігі:
"Біртүрлі", "Медаль алғандар артық кететін болған ба?", "Алтын алса бір сәрі", - деп жатыр.
Ал, екінші топ, спортшының бұл биі жаттығудың бір түріне жататынын айтады.
"Біздің батырға не істесе де жарасады. Бұл Демеудің жаттықтырушысының ойлап тапқаны. Жай ғана би деп ойлап қалмаңыз, спортшының дене қыздырынуы үшін арналған жаттығуы", Спортшылардың би үйренуге уақыты жоқ, жаттығуды музыкаға қосса би болады! Жарайсың бауырым, қалай билесең де саған жарасып тұр!", "Бәрі жарасымды", - дейді желі қолданушылары.
Олимпиада жүлдегерінің жеңіс тойын жүргізген асаба Нұрғалиұлы Жандоста өз әлеуметтік желісінде жаттығу бидің еш әбестігі жоқ екенін жеткізді
"Осында той басқарып жатқан асаба менмін. Бұл грек рим күресшілерінің "Разминка" деген биі. Өз сұраныстарымен шақырдық, бапкерімен билеттік. Еш әбестігі жоқ, батырымызға жарасады, - деген Нұрғалиұлы Жандос өз жазбасында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Н. Ынтымақұлы