Батырбек Әбдішев лауазымынан босатылды

Батырбек Әбдішев лауазымынан босатылды
Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Батырбек Әбдішев төтенше жағдайлар жүйесінде қызмет еткен кезінде азаматтық қорғаныс жүйесін дамытуға, соның ішінде ТЖМ мемлекеттік қызметтерін цифрландыруды жетілдіруге, Төтенше жағдайлар министрлігінің IT жүйелерін, платформаларын Smart Data Uкіmеt аналитикалық платформасымен біріктіруге, ТЖМ мен оның комитеттері, бағынышты ұйымдарының қызметін қайта жобалау мен цифрландыруға елеулі үлес қосты", - деп жазылған хабарламада.

Батырбек Әбдішев 1977 жылы 19 маусымда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары шекара командалық училищесін бітірген. 

1995-2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет атқарды. 2024 жылғы сәуірде төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget