Жақында ғана перзентханадан шыққан Баян Мақсатқызы жаңа туындының түсірілімін бастап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Камера! Мотор! Бастаймыз!" - деген продюсер Баян Мақсатқызы түсірілім алаңында жүргенін мәлімдеді.
"Бүгін керемет шараның ашылуындамыз. Әуелі үшінші рет ана атануыммен құттықтасаңыздар болады. Қызымды үйде қалдырып, түсірілім алаңына келдім. Ешқашан болмаған жанрға фильм түсіруді бастаймыз. Әрине барлығы кәсіби түрде. Комедия жанрында", – деді Баян Мақсатқызы жаңа туындының түсірілім алаңында.
Желі қолданушылары таңданысын жасыра алмай, жарысып пікір жазып жатыр.
"Бірден іске кірісті ме?", "Шок болып отырмын", Батыр Баян, жарайсың", "Апамыз 40 күн күтіну дегенді білмейтін шығар", "50 жастағы адамның туа салып, кино түсіруі мүмкін емес" деп жазып жатыр желідегі оқырмандары.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!