- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Батып бара жатқан...
Батып бара жатқан адамды құтқарамын деп қаза тапқан 14 жастағы бала марапатталды
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың тапсырмасымен Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Нұрлан Атығаев суға батып бара жатқан адамды құтқарамын деп қаза тапқан Владимир Гринбергті "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы өңірдің ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
29 шілдеде Владимир Гринберг отбасымен бірге Қорғалжын ауданының Нұра өзенінде демалып жүрген. Кішкентай батыр 12 жастағы баланың суға бата бастағанын байқап қалған. Владимир абдырап қалмай, суға батып бара жатқан адамға көмекке жүгірген. Бір уақытта ересектер де көмекке ұмтылған, кейін баланың әкесі оны судан шығарып алған.
"Өз өмірін құрбан еткен Владимир Гринберг суға батып бара жатқан адамды құтқаруға тырысты. Өкінішке қарай, бала суға бата бастады. Оған ешкім көмектесе алмады", - делінген хабарламада.
Нұрлан Атығаев баланың ата-анасына шын жүректен көңіл айтты.
Айта кетейік, шомылу маусымы басталғаннан бері Ақмола облысының су айдындарында 13 адам суға батып кетті, оның ішінде бесеуі - бала.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова