Танымал саясаткер Серік Әбдірахманов "Ne boldy" youtube-арнасына берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділовпен таныстығы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, "Заманбектің өліміне кім себепкер болған" деген сұрақ жалғасады.
"Меніңше, бас қосып, екінші ескерткішті құлатқандар енді "Заманбекті кім өлтірді" деген сұраққа жауап іздейді. Себебі оның ұлы Қайрат Нұрқаділов сұхбаттарында ашық "өлтіруге қатысқандардың аттарын білемін" деп айтып жүр. Прокуратураға арыз да жазыпты, бірақ олар үнсіз. Билік халықтың сенімінен кетейін деп тұр. Меніңше, "Заманбектің өліміне кім себепкер болған" деген сұрақ жалғасады. Бұл сұрақтың халық түбіне жетеді. Қайраттың арызын алып, Бас прокуратура қарап, іс қозғап, кінәлілерді шақырту керек. Сонда қызық басталайын деп тұр. "Кім оларға бұйрық берді" - олар да сөйлей бастайды. Сөйтіп, түбінде Назарбаевтың өзіне бірден шығады", - деді ол.
Сондай-ақ, саясаткер Заманбек Нұрқаділовпен таныстығы туралы да айтып өтті.
"Заманбек Нұрқаділовпен 1980 жылдары танысып, бір-бірімізбен араласқанбыз. Екеуміз де бір ауданнанбыз. Назарбаев өзі тақта отырғанда ешқандай сайлаулардан қорықпады. Сайлауларды бұлар меңгеріп алды ғой. Кейін Заманбектің тіршіліктеріне араласты. Көп қиянат жасады. Сосын Заманбектің батылдығынан қорықты. Себебі өзінің (Назарбаевтың - еск.) ұрлығы ашылатынын білді. Назарбаевтың айналасының бәрі жақындығын пайдаланып, ақша жасау, баю. Бірінші басшының өзі ақша санап, саудагерлікке ауысқанын көрген соң айналасындағылар да соны көріп, бәрі ақша жасай бастады", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз