Баталов Президенттің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Райымбек Баталов Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, жуырда Қанат Шарлапаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы болып тағайындалды. 

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасын 2022 жылғы ақпаннан бері Райымбек Баталов басқарып келген еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!