- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бата берген корей...
Бата берген корей қызы елді сүйсінтті
Қызылордалық корей қызы Вероника Ногайдың бата берген сәті көпшілікті сүйсінтті. Видеоны әлеуметтік желі қолданушысы Рима Тұрманова Facebook парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Верониканың жасы – небәрі бесте. Өзі тұратын Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал ауылындағы №108 орта мектептің мектепалды даярлық тобында тәлім алып жүр. Қазақтілді топта болуға ықылас танытқан өзі екен.
"Бір күні тамақтанып болып, орнымыздан тұра бергенде “қане, қолдарыңды жайыңдар!” деп, қайтадан отырғызды. Таңырқап қалдық. Қызым екі түрлі бата біледі. Балабақша тәрбиешілері үйреткен", - деді анасы Милана Ногай.
Милана да – мұғалім. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қазақ тобында оқып, биыл магистратураны бітірді. Кішкентай Вероника да өскенде анасы сияқты мұғалім болуды армандайды.
Назерке Саниязова
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы