Басыңыз ауырса таңғалмаңыз: бүгін күшті магниттік дауыл күтіледі

Басыңыз ауырса таңғалмаңыз: бүгін күшті магниттік дауыл күтіледі
Фото: pixabay.com

Халықаралық метеорологиялық лабораториялардың мәліметтері бойынша, 27 шілде әлем бойынша күшті магниттік дауыл болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Магниттік дауылдар және олардың хал-жағдайға әсері жайлы естіген боларсыз. Бұл Күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын Жердің магнит өрісінің бұзылуы. Бұл тербелістер байланыс жүйесі жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді.

Магниттік дауылдардың әсерін көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді. 

27 шілде күні К индексі 5-ке жететін өте күшті магниттік дауыл күтіледі. Бұл қызыл деңгейдегі магниттік дауылға жатады. Алайда ол қысқа болады: 28 шілде күні жағдай қалыпқа келеді.

meteoagent.com

Магниттік дауыл адамға қалай әсер етуі мүмкін?

Магниттік дауылдар адамның хал-жағдайына жағымсыз әсер етуі мүмкін:

  • бас ауыруы;
  • әлсіздік;
  • жылдам шаршау;
  • ұйқышылдық;
  • қан қысымының көтерілуі;
  • жүрек-қан тамырлар жүйесінің проблемасы;
  • буындардың ауыруы;
  • көңіл күйдің нашарлауы;
  • жоғары мазасыздық;
  • созылмалы аурулардың асқынуы;
  • ашуланшақ болу;
  • агрессияның пайда болуы.

Магнитті дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?

Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз:

  • таза ауада жиі серуендеңіз. Алайда күн ыстық болғандықтан, 11:00-16:00 арасында далаға шықпаған жөн. Таңда немесе кешке серуендеуге тырысыңыз;
  • бөлмені жиі желдетіңіз;
  • бұл күндері рационнан алкогольді сусындарды, кофе және майлы тамақты алып тастаңыз;
  • көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқыны қандырыңыз;
  • қарама-қарсы (жылы-суық) душ қабылдаңыз;
  • су режимін сақтаңыз;
  • хал-жағдайыңыз нашарласа, дәрігерге көрініңіз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жапатова