Танымал психолог, коуч, блогер Роза Әшірбаева тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол TikTok-парақшасында айтты.
"Күйеуге шығатын қыздар, өздеріңе сөз беріңдер. Күйеуге шығатын кезде жігітті бастан-аяқ тексеріңдер. Басындағы битіне дейін тексеріңдер. Тубдиспансер, наркодиспансер - бәрін қарап алыңдар. Содан соң Бірінші кредиттік бюродан несие тарихын тексеріп алыңдар. Сосын некесі тіркелген не тіркелмегені туралы АХАЖ-дан білуге бола ма? Банктен қарызы жоқ деген анықтама әкелсін. Қазақстанда банк бар ма? Бәрінен құжат әкелсін. Не деген сұмдық мынау?! Қай жаққа қарап күйеуге шығасыңдар? Сосын толық медициналық тексерістен өтсін", - дейді ол видеода.
@roza.coach тек руын сұрап күйеуге тиіп кете бермей, толық сұрастырыңдар, тексеріңдер❗️ вот вам и чек лист получился, что нужно проверять перед замужеством инст: roza.coach жазыл ??
♬ оригинальный звук - Роза Аширбаева
Желі қолданушылары психологпен келісетінін жазған, ал ер адамдар бұндай құжаттарды дайындап жатқанын жеткізген.
"Қыздар, бұл - болашағың, физикалық, менталды денсаулығың. Балаңның да денсаулығы", "По факту айтып тұр", "Сұрап біткенше қашып кететін шығар", "Сондай бағдарлама шықса ғой", "Біз күйеуге шығарда ондай болмағаны өкінішті", "Құжаттарымды дайындап жүрмін", "Жұмысқа тұрудан да қиын болып кетті ғой", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!