Талдықорғандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өткен сот отырысы барысында прокурор Шерзат Болат қалай өлтірілгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсембай сотта айыптау актісін оқыды.
Тергеу мәліметтері бойынша Шерзат пышақ жарақатын алғаннан кейін де шабуыл жасағандар оны төпелей жөнелген.
Мемлекеттік айыптаушы мәліметінше, айыпталушы Белғожаев ауыр жараланған Шерзаттың басынан теуіп, басынан пышақ сабымен ұрған, айыпталушы Ілиясов та өлімші хәлде жатқан жасөспірімнің басынан қарумен ұрған.
Осыдан кейін олар Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевқа шабуыл жасаған.
"Топтық төбелес кезінде Шынасыл кәмелетке толмаған Болаттың жүрек тұсына пышақ сұққан. Жасөспірім соққыны сезіп, қаша бастаған. 50 метрден кейін ол жолда құлаған. Осыдан кейін шабуылдаушылар төбелесті жалғастырған. (...) Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Белғожаев, Ілиясов және Шынасыл Шерзат Болат пен Ғайыпбаевқа қарай жүрген. Белғожаев Болаттың басынан теуіп, бірнеше рет басынан пышақ сабымен ұрған. Ілиясов та мылтықпен Болаттың басынан ұрған. Содан кейін олар Ғайыпбаевқа көшеді. Ол да айыпталушылар Шынасыл мен Сакиевтің тарапынан пышақ жарақатын алған. Ғайыпбаев ес-түссіз құлағаннан кейін олар көлікке отырып, кетіп қалған", - деді прокурор.
Шерзат ісі бойынша сот отырысы
2025 жылы 10 cәуірде Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесі басталды. Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы тікелей эфирден көрсетіледі.
Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?
Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.
Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар
Кейін Шерзаттың ағасы да өлі табылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова