- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Басынан жарақат алып,...
Басынан жарақат алып, мүгедек болып қалған сарбазға 140 млн жиналды
Басынан жарақат алып, мүгедек болып қалған сарбазға 140 млн жиналды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін сарбаз Ербаян Мұхтар жайлы жазған едік. Желіде сарбазға қатысты жантүршігерлік видео тарады. Роликте ол әскерге өз еркімен кетіп, артынша ауруханада ауыр хәлде жатқаны көрсетіледі. Сарбаз алты айдан бері комада жатыр.
Ербаян Мұхтар әскерде басынан жарақат алған. Қазіргі таңда ол өз күшімен тамақтана алмайды және сөйлей алмайды.
Ұлттық ұлан бұл дерекке қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
"Қатардағы жауынгер Мұхтардың басынан соққы алуына байланысты Қылмыстық кодекстің 440-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қажет сараптамалар тағайындалды. Соталды тергеу әлі де жүріп жатыр. Тергеу барысы ІІМ басшылығының жеке бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, реабилитациялық емнен кейін Ербаянның ата-анасының сұрауы бойынша сарбаз үйіне жіберілген. Қазіргі таңда сарбазға мүгедектік рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.
Бүгінде қазақстандықтар сарбаздың еміне 140 миллионға жуық ақша жинап берген.
"Ербаянның ата-анасы көзіне жас алды, бүкіл команда қолдауларыңызға алғыс айтады. Шыны керек, айтарға сөзіміз жоқ", - делінген жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина