- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Басына тас атқан:...
Басына тас атқан: Маңғыстау облысында жаппай төбелес шығарғандар ұсталды
Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы Тәжиев көшесінің бойында екі топ жігіт арасында төбелес шықты. Оқиға 15 шілдеге қараған түні таңғы сағат 03:30 шамасында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары 24-25 жас аралығындағы алты күдіктіні анықтап ұстады.
"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі "Бұзақылық" (атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер) бойынша Бейнеу аудандық полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СЖБ) тіркелді", - деді полиция қызметкерлері.
Жаппай төбелеске қатысушылар үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек