Татарстанда діни қызметкер Михаил Зубарев әйелін айуандықпен өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі life.ru-ға сілтеме жасап.
"Қазан митрополиті мен Татарстан Кириліне жантүршігерлік оқиға туралы хабар жетті. Архипастор Виктория ананың туған-туыстарына көңіл айтты. Митрополия басшысы оның жаны тыныш болуы үшін және жетім балалардың денсаулығы үшін дұға етеді", - деп митрополия баспасөз қызметі өкілдері.
Mash Telegram-арнасының мәліметінше, ол әйелінің басын тоңазытқышқа салып қоған. Кейін әйелдің басын балалары тауып алған. Полицейлер дін қызметкерін бұл әрекеті қызғаныштан деп есептейді.
Анасыз қалған екі бала - 17 жастағы ұл мен 8 жастағы қыз қазір ауруханада, оларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Зубаревтің қызы анасының бөлшектелген денесін бірінші болып тапқан. Сәлден соң баласы келіп, жедел жәрдем шақырған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз