Қарағандыда көлік жүргізушісі зейнеткерді қағып өлтірді. Оқиға 27 желтоқсанда таңертең болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі eKaraganda.kz басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 37 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде 71 жастағы зейнеткерді қағып кеткен. Зейнеткер ауыр жарақат алып, оқиға орнында мерт болды.
"Бұл дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деді полиция.
Ал куәгерлердің айтуынша, жол апаты кезінде зейнеткердің басын жұлып кеткен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!