Танымал актриса Дариға Бадықова "күзетпен жүр" деп сынағандарға жауап қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, күзетті мейрамхана иелері ұсынған.
"Телехронитель бәле болды. Бір басымызға бәле болып төнді сол. Мерекелік кешке бардық, содан үлгермей кеттік. Бір күнде 8 мейрамханадан тапсырыс түскен. Бізге де ақша керек. Алғашқы күндері күзетті берген жоқ бізге. Халықтың көңілін қисайсың, тартып ұстайды. Мен де жақсы көретін адамның бір жерін ұстап көргім келеді. Сөйтіп біз үлгермейтін болған соң мейрамханалардың өздері берді. Бізбен жүре ма дегенге иә деді. Ақталу емес, сұрап жатқан адамдарға. Сағат ондарға таман адамдар ішеді, мас болып бастайды. Бәрі періште емес шығар. Мейрамхана иелері берді. Әйтпесе, болып кеттік, толып кеттік, сендерді менсінбейміз деген емес. Әйтпесе халықтан қорғанатын дымымыз да жоқ", - дейді ол.
@ochooou.fan♬ оригинальный звук - ochooou
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!