Танымал тележүргізуші, журналист Анна Данченконың денсаулығы сыр беріп, қан қысымы төмендеп кеткені белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Анна Данченко бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Киім таңдап жүріп басым айналып, өзімді жайсыз сезіндім. Есімнен танып қала жаздадым. Нәтижесінде қан қысымым 70-ке дейін түсіп кетіпті. Көзімнен көрініп тұр бәрі. Сонда да өзімді емес, маманы ойлап отырмын ғой. Менімен бір нәрсе болып қалса, Құдай сақтасын, Анамның қасында кім болады деп... Қалай, иә. Анасы баласын, баласы анасын ойлайды", - деп жазды ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!