- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Басы тоңазытқыштан шықты:...
Басы тоңазытқыштан шықты: бір ай бұрын жоғалып кеткен ақтөбелік өлі табылды
Ақтөбе облысының Хромтау қаласында жантүршігерлік қылмыс болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шамамен бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Ер адамның басы тоңазытқыштан табылған.
Хромтау тұрғыны жоғалып кеткені туралы туыстары шамамен бір ай бұрын құзырлы органдарға хабарлаған. Ер адам күтпеген жерден із-түзсіз кеткен.
Жақында жедел іздеу шараларының барысында ер адамның бөлшектелген денесі қаланың шетінде табылғаны анықталды. Ер адамның денесі бірнеше пакетке салынған. Ал басы ер адамды өлтірді деген күдіктілердің бірінің үйіндегі тоңазытқыштан табылған. Болжам бойынша күдіктілер ер адамды мас күйде өлтірген.
Қылмысты жасады деген күдіктілер ұсталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина