Ямайкадағы Фолмут қаласында 16 жастағы бала акуланың құрбаны болды. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, жыртқыш балық жігіттің басы мен денесін қыршып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Jamaica Observer сайтына сілтеме жасап.
16 жастағы бала ата-анасы қарсы болса да су астында балық аулауға кеткен. Бірақ жігіт сол күйі үйіне оралмаған.
Келесі күні оны іздеу жұмыстарымен жергілікті дайверлер айналысқан. Мектеп оқушысының денесі табылған, бірақ оның басы мен сол қолы жоқ болған.
"Жақын жерде акуланы байқап қалдық. Оған оқ атқанымызбен тигізе алмадық, әрі қарай жүзіп кетті", - дейді балықшылардың бірі.
Жергілікті тұрғындар кейінгі жылдары акулалар адамдарға жиі шабуыл жасайтын болғанын айтады.
16 жастағы балаға қатысты болған жантүршігерлік оқиғадан кейін балықшылар акуланы тауып алып, оны өлтірмек.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз