Басы дауға қалған лауазымды полицей Данияр Мейірхан қызметінен шеттетілді

Әлеуметтік желіде Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайға ІІМ баспасөз қызметі өкілі пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін желіде Астанада Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Оның үстінен қол астындағы 20 қызметкерден ұжымдық арыз түскені хабарланды.

Ал ІІМ "қызметкерлердің арызы бойынша материал белгіленген тәртіппен тіркелгенін" мәлімдеді.

"Сауалыңызда көрсетілген тұлға тексеріс жүргізу кезінде қызметтік міндетін атқарудан шеттетілді", - деді ведомство өкілі.

Айта кетейік, Данияр Мейірхан - полиция полковнигі. Ішкі істер министрлігінде жауапты қызметтер атқарған. 2025 жылғы қыркүйектен бастап ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы болды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!