Алматы облысы Ұзынағаш ауылының маңында бір үйір жылқыны көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Алматы-Бішкек республикалық автожолының 39-40-шақырымында болған. Жолдың екі жағында Ұзынағаш, Жаңақұрылыс пен Үмбетәлі ауылдары орналасқан.
Жол бойында жайылып жүрген жылқыларды кім қаққаны әзірге белгісіз. Жаңақұрылыс ауылы тұрғынының айтуынша, мал Үмбетәлі ауылынан болуы мүмкін.
Ал оқиға орнында жылқыларға соқтығысқан көлік көрінбейді. Бұл жағдайға қатысты Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі пікір білдірді.
"Жамбыл аудандық ішкі істер басқармасында анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр", - деді Полиция департаменті өкілі.
Саламат Сабыр
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!