- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Басы бөлініп, ішек-қарны...
"Басы бөлініп, ішек-қарны ақтарылып жатыр". Алматы облысында бір үйір жылқыны көлік қағып кетті
Алматы облысы Ұзынағаш ауылының маңында бір үйір жылқыны көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Алматы-Бішкек республикалық автожолының 39-40-шақырымында болған. Жолдың екі жағында Ұзынағаш, Жаңақұрылыс пен Үмбетәлі ауылдары орналасқан.
Жол бойында жайылып жүрген жылқыларды кім қаққаны әзірге белгісіз. Жаңақұрылыс ауылы тұрғынының айтуынша, мал Үмбетәлі ауылынан болуы мүмкін.
Суреттер: Саламат Сабыр
Ал оқиға орнында жылқыларға соқтығысқан көлік көрінбейді. Бұл жағдайға қатысты Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі пікір білдірді.
"Жамбыл аудандық ішкі істер басқармасында анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр", - деді Полиция департаменті өкілі.
Саламат Сабыр
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz