- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Басы ауырады, тілі...
"Басы ауырады, тілі күрмеледі". Бокстан үш дүркін Қазақстан чемпионы ауыр дертке шалдықты
Бокстан үш дүркін Қазақстан чемпионы Елена Кольцова айықпас дертке шалдыққан. Бұл туралы спортшының жолдасы "Көреміз" бағдарламасында айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жолдасының айтуынша, ол бұл дертке 2019 жылы шалдыққан.
"Кішкентай қызымыз 2018 жылы дүниеге келді. Содан кейін 7-8 айдан соң осы дерт басталды. Қан қысымы жиі көтеріліп жүрді. Сөйлегенде кезде тілі күрмеліп, оң қолындағы сұқ саусағы бүгіліп қалды. Ұстаған затын қолынан түсіріп алады. Соны байқап, ауруханаға бардық. Олардың емінен нәтиже болмаған соң Астанаға бардық. Сондағы дәрігерлер "амитрофикалық склероз" диагнозын бірден қойып берді", - деді жолдасы Арман.
Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов спортшының дерті туралы естігенде аса мән бермегенін айтты.
"Елена шаршы алаңда ешқандай ауыр соққы алмаған. Қыздар арасындағы құрама командасындағы тәй-тәй басқан боксшылардың бірі деп айтар едім. Елена ауруға шалдықты дегенде аса бір ауыр деп ойладым. Оның спортқа, өмірге деген ұмтылысын білемін ғой. "Жеңіп кетеді, уайымдамаңдар" деп айтқанмын. Дәл осылай күрделі деп ойламадым. Боксшымызға көмектесе алмай отырғанымыз өкінішті", -деді боксшы Ермахан Ибраимов.
Спортшы Елена Кольцова бағдарламадан соң Ташкентке екі аптаға барып, толықтай тексеріліп, ем алып қайтты. Жолдасының айтуынша, денсаулығы бұрынғыға қарағанда біраз жақсарып қалған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы