Басты оқиғалардың бірі: Астанадағы әскери парад тікелей эфирде көрсетіледі

Астанада 7 мамырда Тәуелсіздік алаңында өтетін әскери шеру тікелей эфирде көрсетіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парад 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі болмақ.

Мерекелік шеру 7 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Салтанатты шараға 4000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады.

Әскери шеру:

  • республикалық телеарналардан;
  • еліміздің барлық қалаларында LED-экрандардан;
  • Қорғаныс министрлігінің ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Айта кетейік, 7 мамырда Қазақстанда Отан қорғаушылар күні атап өтіледі. 9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!